378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда Қазақстан үйі пайда болды

  • 482
  • UPD: 00:09, 19.12.2018

Мемлекетіміздің Ұлыбританиядағы елшілігі ғимаратының жоғары жағына Kazakhstan House деген маңдайша орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл шетелдік мекеменің жоғары мәртебесін айқындай түспек.

Pall Mall – Лондонның орталық көшелерінің бірі. Қаланың миллиондаған тұрғыны мен қонағы күнбе-күн елшілік ғимаратының маңынан өтеді. Егер бұрын оның төбесінен көк туымыз ғана желбіреп тұрса, енді Kazakhstan House атты ресми маңдайша да ерекше көзге түсіп тұр. Біздің дипломатиялық өкілдік Ұлыбританиядағы ТМД елшіліктерінің арасында алғашқы болып осындай мүмкіндікке ие болып отыр. Ол Біріккен Корольдікпен айрықша әріптестік қарым-қатынас орнатқан мемлекеттерге беріледі. Британиялық сарапшылар бұл бастаманы оң бағалап отыр.

Руперт Гудман, Британиялық-қазақстандық қауымдастықтың төрағасы:

- Бұл – Лондонның нағыз жүрегінде орналасқан қаланың ең маңызды жері. Маңдайша Қазақстанды Ұлыбритания астанасында бар мемлекеттердің ең жоғары жағына орнықтырады.

Айта кету керек, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі бұл мәселемен ұзақ уақыт айналысқан. Сәйкесінше келісімді Вестминстер корольдік ауданы Лорд-Мэрінің жеке санкциясынан кейін алу мүмкін болған. Елшіліктің ресми мекенжайы ретінде Kazakhstan House енді Royal mail британиялық корольдік пошта қызметі және электронды карталар әрі іздеу құрылғылары арқылы пайдаланылатын болады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы