389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда Қазақстанның үшінші Құрметті Елшілігі ашылды

  • 897
  • UPD: 18:37, 19.12.2018

Француздың Бретань өңірінің астанасы саналатын Ренн қаласында Қазақстан Республикасының үшінші Құрметі Елшілігі ашылды.

Бұл шаһар Франциядағы қазақи ең жақын қаланың бірі болып саналады.  

Осыдан 30 жыл бұрын Ренн мен Алматы қаласы арасында алғаш рет академиялық алмасу бағдарламасы жүзеге асқан еді. Сенімді серіктестіктің нәтижесі бүгінгідей. Ренн халықаралық үйінде Қазақстан Республикасының Құрметті Елшілігі ашылды.

Жанар Авар-Төребаева, ҚР-ның Ренн қаласындағы Құрметті консулы:

- Елшіліктің ашылуы Қазақстанмен одан әрі тығыз жұмыс істеуге септігін тигізеді. Әсіресе экономикалық қарым-қатынас дами түспек. Сондай-ақ Қазақстанның өзге қалаларындағы жоғары оқу орындармен ынтымақтастық орнатамыз деген жоспар бар.

Енді Жанар Авар-Төребаева елшіліктің жұмыстарымен ресми түрде айналысатын болады. Бұған дейін жерлесіміз жергілікті ауруханада дәрігер болып қызмет атқарған. Бос уақытында Қазақстан мен Франция арасындағы қоғамдық жұмыстарға атсалысты.  

Ренн қаласындағы мына бақтың атауы Алматы. Бауырлас қалалар комитеті мүшелерінің бастамасымен мұнда Абайдың бюсті де қойылған. Сол себепті  ұлы ақынның ескерткішіне тағзым ету ашылу салтанатының басты бөлімі саналды. Сондай-ақ мәдениет қайраткері Лариса Инджуджян бұл идеяны қолдап, Елшіліктің ресми ашылуына орай түскиізден жасалған өз коллекциясы мен қазақстандық суретшілердің көрмесін ұсынды.

Анни Шарбоннель, Ренн-Алматы бауырлас қалалар комитетінің мүшесі:

- Менің ойымша қазақстандықтар мен бретондықтар ұқсас келеді. Біздің халық қарапайым. Жыл өткен сайын жағдайы жақсарып, дамып келеді. Қазақстан да солай. Шынында 91-жылға қазақ елі мен бүгінгі Қазақстанның арасында үлкен айырмашылық бар. Мемлекет ширек ғасырда заманауи елдің біріне айналып үлгерді.

Бретань өңірі бүгінде ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктерімен танымал. Ал Ренн қаласында Елшіліктің ашылуы екі ел арасында бұл сала бойынша тәжірибе алмасуға серпін бермек.

Авторы: Алия Сыздықова

Хабар 24 телеарнасы