375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тоқаев Үкімет жұмысын сынға алды

  • 538
  • UPD: 17:31, 20.12.2018

Сенат төрағасы бүгін Үкіметтің жұмысын сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға мұрындық болар Заң жобаларының тек жыл соңында ғана Сенатқа жететініне наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Палата мұндай олқылықтың жыл сайын қайталанатынын да тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгінгі отырыстың күн тәртібіне маңызды заң жобалары енгізіліп отыр. Олардың бесеуі Елбасының Жолдауларында айқындалған мақсаттарды орындау үшін әзірленген заң жобалары. Елбасының тапсырмаларын орындауға жыл басынан бері жеткілікті уақыт болғанына қарамастан бірнеше күрделі заң жобалары Сенатқа жыл соңында ғана бір пакетпен келіп түсті. Сенат депутаттары заң жобаларының маңыздылығын ескере отырып, аса қысқа мезгілде қарап, талқылауға мәжбүр болды. Жыл сайын қайталанатын мұндай жағдай қабылданатын заңдардың сапасына оң ықпал етпейтіні белгілі. Сондықтан Заң жобаларының Сенаттың қарауына ұсыну мезгілдеріне байланысты осындай келеңсіз жағдайлардың қайта орын алмауына жол бермеу қажет. Осы мәселеге Үкіметтің назарын айрықша аударамын. Маңызды заң жобалары бойынша Үкімет Парламент палаталарымен алдын ала үйлесімді жұмыс кестесін белгілеп алғаны дұрыс болады.

Хабар 24 телеарнасы