378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Р.Терлецки: Қазақстан көптеген жетістікке жетті

  • 273
  • UPD: 13:22, 21.12.2018
Р.Терлецки: Қазақстан көптеген жетістікке жетті

Қазақстанның әлемдік саясаттағы ролі артып келеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы, бітімгерлік бастамалары, Каспий бойынша тарихи келісім қазақ елінің халықаралық деңгейдегі баға жетпес еңбегі.

Мұндай пкіріді Польша сеймінің вице-спикері Рышард Терлецки білдірді. Саясаткер сондай-ақ екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты атап өтті.

Рышард Терлецки, Польша сеймінің вице-спикері:

- Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап экономикасын дамытып, саяси тұрақтылығын сақтап, көптеген бейбіт келіссөзге мұрындық болды. Қазақ елі көп жетістікке қол жеткізді. Олардың ішінде ЭКСПО көрмесін, Каспий мәртебесі жөніндегі келісімді және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығын атап өту керек. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясаттағы ролінің артқандығын көрсетеді. Біз екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жалғаса беруін қалаймыз. Алдағы уақытта Краков қаласынан Астанаға қарай жаңа әуе рейсін  ашу жоспарда бар. Бұл екі мемлекет арасындағы туризмнің дамуына септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы