378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатта жергілікті мемлекеттік басқару жүйелерін дамыту мәселелері қаралды

  • 420
  • UPD: 23:31, 21.12.2018

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйелерін дамыту мәселелері бүгін Сенат қабырғасында қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутаттар, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшылары, ауыл әкімдері мен министрліктер өкілдері бас қосқан өзара іс-қимыл кеңесінің отырысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға арналған заңдардың жүзеге асыру барысы тақыланды. Вице-спикер Сергей Громовтың айтуынша, 6 жыл бұрын аталған жүйені дамыту тұжырымдамасы бекітіліп, осыған қатысты жергілікті басқару органдарының өкілеттіктерін айқындап, қаржылай дербестігін кеңейтетін заңнамалық құжаттар қабылданған.

Сергей Громов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- 2016 жылы билік пен қоғамның екі ортасындағы көпірге айналған қоғамдық кеңестер пайда болды. Бұл мемлекеттік емес институттар қоғамның мемлекет ісіне араласуына мүмкіндік берді. Ол консультативті-кеңестік һәм бақылау органға айналды.

Хабар 24 телеарнасы