389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев депутаттық сауалдарға толық жауап беру туралы ескертті

  • 857
  • UPD: 15:51, 24.12.2018
Қ.Тоқаев депутаттық сауалдарға толық жауап беру туралы ескертті

2019 жылы Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған заң жобалар пакеті Парламент қарауына келіп түседі. Бұл туралы 2018 жылдағы ҚР Парламенті Сенатының қорытынды Бюро отырысында Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Қ. Тоқаев ағымдағы жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасай келе, Сенат тарапынан жоспарлы әрі мазмұнды жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Осы орайда Елбасы реформаларын жүзеге асыруға бағытталған маңызды заңдар қабылданды. Сенаттың жалпы отырыстарында 80 заң жобасы қаралып, оның ішінде 72-сі қабылданды, 8-і сенаторлар түзетулерімен Мәжіліске бағытталды. Сонымен қатар, өзекті тақырыптар бойынша 70-ке жуық маңызды шара ұйымдастырылып, соның нәтижесінде атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді. Үкіметке 100-ден астам депутаттық сауал жолданды. «Депутаттық сауалдарға келген жауаптардың көпшілігі депутаттардың көңілінен шықпағанына Үкіметтің назарын аударған болатынбыз», - деді Сенат төрағасы. Қ. Тоқаев алдағы жылы Президент тапсырмаларын орындауға бағытталған заң жобалар пакеті Парламент қарауына келіп түсетінін жеткізді. «Бізге отандық заңнаманы жетілдіру түсіп,  жұмыс сапасын жақсарту керек. Бұл біздің негізгі мақсат», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы