388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОА елдерінің мемлекет басшылары Ташкентте бас қосады

  • 440
  • UPD: 11:38, 26.12.2018

Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары сәуірде Ташкентте бас қоспақ.

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары жыл қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді. Илхомжон Неъматов аталмыш басқосу наурызда Астанада өткен консультативтік жұмыс кездесуінің заңды жалғасы екенін атап өтті. Жалпы, соңғы жылдары Өзбекстанда экономикалық саясаттың жаңа үрдісі пайда болды. Шығыс жұрты инвеститция мен экспорт және туризм саласын ел экономикасының қозғаушы күшіне айналдырмақ. Өзбекстан соның негізінде бірінші кезекте көршілермен арадағы шекараны шегендеп, кедендік өткізу бекеттерінің жұмысын бір ізге түсірді. Жүйелі жұмыс әлемнің көптеген алпауыт елдерімен арадағы барыс-келісті жақсартты. Соның арқасында 9 айдың ішінде Орталық Азия елдерімен арадағы тауар айналымының орташа өсімі 50 пайызды құраған. Ал инвеститция көлемі 2,7 миллиард доллардан асып жығылыпты. «Бұның барлығы Өзбекстанның сыртқы саяси байланысының жақсаруынан», – деді дипломат.

Илхомжон Неьматов, Өзбекстан Республикасы  сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Орталық Азия аумағында толығымен жаңа салауатты климат құрылды. Достық атмосфера қалыптасты. Өзара тиімді ынтымақтастық пен қолайлы жағдай туды. Бұл Өзбекстанға ғана емес, көрші елдерге де тиімді. Орталық аймақтағы мемлекеттер үшін де қолайлы болды. Өзара жоғары деңгейде бірнеше сапар болды. Соның негізінде көптеген күрмеуі қиын мәселелердің ортақ шешімін таптық. Бұл өз кезегінде Өзбекстанмен қатар көрші елдердің де сұранысын қанағаттандырды.

Хабар 24 телеарнасы