378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

  • 329
  • UPD: 23:07, 26.12.2018
Мемлекет басшысы Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бүгіні мен келешегін сөз етіп, биыл Қазақстан мен Украина байланысының жандана түскенін атап өтті. Бұдан кейін Президенттер Украинаның оңтүстік-шығысындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысы барлық мүдделі тараптардың сындарлы диалогы арқылы реттелуі керектігін айтып, осы қақтығысты шешу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді. Украина Президенті Петр Порошенко Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде хабардар етті. Қазақстан Президенті бұл мәселе Украина мен Ресей арасында келіссөздер арқылы тезірек шешімін табуына тілектестік білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болған.

Хабар 24 телеарнасы