378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Венгрия арасында визасыз режим орнауы мүмкін

  • 470
  • UPD: 14:46, 27.12.2018

Венгрия Қазақстан азаматтарына визаны алып тастауды қарастырып жатыр. Жаңашылдық келесі жылдан бастап жүзеге асуы мүмкін. Бірақ жоба әлі бірнеше мәрте талқыланбақ. Визасыз режим не береді?

Венгрияға баратын қазақстандық саяхатшылардың басты мәселесі бұл елдің 2007-ші жылдан бері Шенген аймағына мүше болуы. Себебі бұл мемлекетке кіру үшін ортақ виза болу керек. Бірақ Будапешт енді Қазақстанға визалық талапты жеңілдетуі мүмкін. ЕуроОдақ таяу арада осы мәселені талқылайды. 

Индира Мұрымбаева:

- Мен Будапештте ежелден тұрып келемін. Туған-туыстарым жиі қатынайды. Құжатты дайындауға көп уақыт кетеді. Визасыз режим енгізу екі елдің арасын жақындастырып, қарым-қатынасты нығайтады деп ойлаймын.

Индира секілді қазақстандықтар жүздеп саналады. Астана-Будапешт бағыты бойынша еркін жүріп тұру қарапайым қазақстандықтармен қатар бизнес қауымдастыққа да мол мүмкіндік ашады. Әсіресе туристік агенттіктер осы бағыттағы сұраныс артатынын айтады.

Марина Миронова, туризм бойынша сарапшы:

- Саяхатшылар арасында бұл тартымды бағыттың бірі. Венгрлерді Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрі, табиғи көркем жерлері қызықтырады. Сондықтан туристік компанияларға осы бағытта жұмысты ширатуына тура келеді.

Қазақстандықтар арасында Венгрия бағыты жоғары сұранысқа ие. Мысалы, Астана-Будапешт әуе рейсі ашылғаннан бері 40 мың адам сапар шеккен. Бұдан бөлек келесі жылы Қазақстанға Венгрияның белді бизнемсмендері келіп, ауыл шаруашылық саласында бірқатар жобаларды іске асырмақ. Осы тұрғыдан алғанда визасыз режим іскерлік байланыстың одан әрі дамуына серпіліс беруі тиіс.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Мария Киселева

Хабар 24 телеарнасы