378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

  • 244
  • UPD: 19:19, 27.12.2018
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы