378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • 326
  • UPD: 16:04, 28.12.2018
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті Хабар 24

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекеттер басшылары келе жатқан Жаңа жылмен бір-бірін құттықтады.

Әңгімелесу кезінде көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен басымдықтарын, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы