375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан және Тәжікстан президенттері екіжақты ынтымақтастықты талқылады

  • 267
  • UPD: 15:25, 28.12.2018
Қазақстан және Тәжікстан президенттері екіжақты ынтымақтастықты талқылады akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Көшбасшылар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңілдері толатынын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары алдағы Жаңа жыл мерекесімен бір-бірін құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы