378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Орталық Азиядағы басты теміржол хабына айналады

  • 314
  • UPD: 15:23, 28.12.2018
Қазақстан Орталық Азиядағы басты теміржол хабына айналады

Қазақстан мен Беларусь - көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайта түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі мемлекет 2019-2020 жылдарға арналған тиісті жол картасына қол қойды. Саяси, экономика және гуманитарлық салада көптеген жұмыстар атқарылды. Әсіресе, теміржолға ерекше назар аударылмақ. Себебі Қазақстан Еуропа мен Қытайды байланыстыратын басты транзиттік хабқа айналып отыр.

Астана-Минск теміржол тасымалы бойынша ынтымақтастық орнаған. Қазір жол картасы дайындалды. Осының нәтижесінде Қазақстан Орталық Азиядағы ірі логистикалық хабқа айналады. Бұл екі елде әлемдегі ең ірі контейнерлік теміржол тасымалы жүйесі қызмет етеді.

Георгий Гриц, Бизнес және технология бизнесі институты кафедрасының меңгерушісі:

- Бұл Қазақстанның аймақтық экономиканың орталығы ғана емес, өзге елдерге де үлгі етерлік мемлекетке айналғанын көрсетеді. Қазақстанның географиялық және геосаяси орны ескі қарым-қатынастарды сақтап, жаңа байланыстарды дамытуды талап етеді.

Қазақстанның транзиттік әлеуеті зор. Ел аумағымен 17 бағыт өтеді. Бұл мыңдаған шақырымға созылған темір жолдар. Сарапшылар да «Қазақстан мен Беларусь әлемдік тасымалдаудағы басты елдердің бірі», - дейді. Қазіргі таңда Қытайдан Еуропаға ағылған жүктер бұрынғыға қарағанда әлдеқайда тез жеткізіледі.

Владимир Улахович, Беларусь сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы:

- Жүктің көлемін арттырып, жеткізу уақытын тездету тауар өндірушілермен қатар тұтынушыларға да тиімді. Қазір тараптар осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан соңғы 10 жылда көлік саласын дамытуға қыруар қаржы құйды. 2 мың шақырым теміржол салынып, 19 мың шақырымнан аса тас жол жөнделген. Сонымен қатар Каспий теңізі порттарының әлеуеті арттырылып, басты әуежайлар жөндеуден өтті.

Авторлары: Алексей Родионов, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы