389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эритрея Қазақстанға алғыс айтты

  • 591
  • UPD: 11:32, 01.01.2019
Эритрея Қазақстанға алғыс айтты

Қазақстан - Сомали мен Эритрея қарым-қатынасына қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі санкция комитетінде табысты төрағалық етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміз Эритреяға салынған санкцияларды алып тастауға айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанның аталған елмен ынтымақтастықты реттеудегі табандылығының арқасында тоғыз жылға созылған санкциялық жүйенің күші жойылды. Бүгінде Эритреяның өкілдігі қазақ еліне осындай тарихи шешімге атсалысып, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға қосқан еңбегі үшін алғыс айтып жатыр.

Амануэль Джорджио, БҰҰ жанындағы Эритрея ісі жөніндегі уақытша сенімді өкілі:

- Сіздердің елдеріңіз дипломатиялық әдіс-тәсілдерге жүгіне отырып, дұрыс жұмыс істеді. Біз Нью-Йорктегі офистеріңізбен тығыз қарым-қатынаста болдық. Соның нәтижесінде Эритреяға салынған санкциялардың күші жойылды. Бұл Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі табысты жұмысының арқасында іске асты. Біз Қазақстанның халықаралық аренада ұстанған роліне алғыс айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы