389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ ҚК-де еліміздің бастамасы бойынша жаңа дәстүр енгізілді

  • 642
  • UPD: 16:39, 03.01.2019
БҰҰ ҚК-де еліміздің бастамасы бойынша жаңа дәстүр енгізілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату ресми рәсімін өткізді.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Өз миссиясын аяқтаған Боливия, Қазақстан, Нидерланд, Швеция және Эфиопияның орнына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелері ретінде Бельгия, Германия, Доминикан Республикасы, Индонезия және Оңтүстік Африка келді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жаңа тұрақты емес мүшелердің қосылуының салтанатты рәсімі БҰҰ тарихында тұңғыш рет Қазақстанның бастамасымен 2018 жылдың қаңтарында оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалығы кезінде өткізілді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер осы жаңашылдықты Қазақстанның «жарқын дербес карточкасы» деп атады. Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелерінің туларын ауыстыруы техникалық рәсімі болды. Жаңа дәстүрдің енгізілуімен бұл рәсім БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің және әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанында аккредиттелген өкілдерінің кеңінен қатысуымен ресми іс-шараға айналды.

«Бұл салтанатты іс-шараның мақсаты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелерін тану мен құрметтеуді көрсету болып табылады. Кеңестің барлық 15 мүшесі бұл рәсім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы дәстүріне айналатындығын бірауыздан растады», - деп атап өтті ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы