378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ШҚО-дағы Зырян ауданы және Зырян қаласының атауын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

  • 402
  • UPD: 18:42, 03.01.2019
Елбасы ШҚО-дағы Зырян ауданы және Зырян қаласының атауын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ШҚО-дағы Зырян ауданын және Зырян қаласын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

3 қаңтар 2019

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы  Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті                                                                               Н.Назарбаев 

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 желтоқсан

        

                     № 821

Хабар 24 телеарнасы