Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ-қырғыз шекарасындағы қызметтерді реттейтін құжат мақұлданды

  • 300
  • UPD: 13:31, 09.01.2019

Қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтетін адамдардың да, көліктердің де саны артып жатыр.

Соңғы 20 жылда бұл көрсеткіш 8 есеге өскен. Осыған байланысты бүгін Мәжілісте шекарадағы қызметтерді реттейтін құжат талқыланып, бірауыздан мақұлданды. Оның күшіне енуі, қос ел шекарасындағы ережені бекітуге, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың айтуынша, тиісті органдар шекара белгілерін қорғап, олардың бүлінбеуін, орын ауыстырылмауының алдын алады. Сондай-ақ көлікпен шекарадан өту және жүктерді қадағалау тәртібі қарастырылады.

Хабар 24 телеарнасы