375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мемлекет басшысына есеп берді

  • 295
  • UPD: 13:50, 10.01.2019
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мемлекет басшысына есеп берді ombudsman.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мемлекет басшысына 2018 жылғы өз мекемесінің жұмысы туралы есепті ұсынды.

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қолданыстағы заңнамаға сәйкес Президентке 2018 жылғы өз мекемесінің жұмысы туралы есепті ұсынды.

Аталған құжат қаралған азаматтардың арыз-шағымдарын, мониторингтік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын негізінде жасалған Қазақстандағы адам құқықтары жағдайының талдауы болып табылады.

Есеп ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері, өзекті құқық қорғау мәселелері, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Мемлекет басшысының қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қажетті тапсырмалар берілді.

Хабар 24 телеарнасы