378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан гуманитарлық іс-қимылы арқылы төрткүл дүниеге үлгі болды

  • 395
  • UPD: 22:26, 11.01.2019
Қазақстан гуманитарлық іс-қимылы арқылы төрткүл дүниеге үлгі болды

Сириядан азаматтарын эвакуациялау арқылы Қазақстанның қауіпсіздік күштері мен барлау қызметі елге қарсы қауіп-қатерді бейтарап ету тұрғысындағы операция жасау қабілетін күллі әлемге паш етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның 47 азаматын Сириядан шығару бойынша гуманитарлық операциясы жөнінде Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығы директоры Мехмет Сейфеттин Ерол осындай пікір білдірді.

Мехмет Сейфеттин Ерол, Анкара дағдарыс және саяси зерттеулер орталығы директоры:

- Қазақстан аталмыш гуманитарлық іс-қимылы арқылы төрткүл дүниеге үлгі бола білді. Елдің қорғаныс күштері мен барлау қызметі гуманитарлық операциямен қатар шетелдегі Қазақстан азаматтарының сенімін одан әрі арттырды. Сондай-ақ лаңкестік ұйымдарға қарсы табанды түрде күрес жүргізетіндігін тағы бір рет дәлелдеп, қажет болған жағдайда мұның шетелде де жалғасатындығын көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы