389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Н.Пашинянды Армения Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады

  • 519
  • UPD: 18:01, 15.01.2019
Мемлекет басшысы Н.Пашинянды Армения Премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

«Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы