378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕАЭО аясында халықаралық технопарк қауымдастығы құрылады

  • 279
  • UPD: 21:49, 21.01.2019
ЕАЭО аясында халықаралық технопарк қауымдастығы құрылады

Еуразиялық экономикалық одақ аясында халықаралық технопарк қауымдастығы құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтсақ, Еуразия кеңістігінде бірыңғай инновациялық экожүйе пайда болады. Одаққа мүше мемлекеттер ақпанның бірі күні Алматыда осыған қатысты мәмілеге қол қояды. «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» деп аталатын форумға Үкімет басшылары, сарапшылар, ғалымдар мен бизнесмендер қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге алқалы жиынға IT-компаниялар, IT-технопарктердің жетекшілері мен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция секілді елдерден технологиялық индустрияның 50-ден астам өкілі келіп қатысады.

Динара Щеглова, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі:

- Біз «Астана» хабты одан әрі дамытуға ниеттіміз. Яғни, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірігіп, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, «Астана» хабтың әлеуетін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, стартап экожүйелер бағытында Силикон алқабымен тереземіз тең түсуіміз мүкін.

Хабар 24 телеарнасы