375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жусан» операциясы жалғасады – ҚР СІМ

  • 547
  • UPD: 22:08, 21.01.2019
«Жусан» операциясы жалғасады – ҚР СІМ

Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша жүргізілген «Жусан» операциясы алдағы уақытта жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы арнайы брифингте Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, «Жусан» гуманитарлық операциясы нәтижесінде 47 адам Сириядан Қазақстанға оралды, олардың 30-ы 1-5 жас аралығындағы балалар.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз қызметінің басқарма басшысы:

- Бұл операцияның басы ғана деп айтамыз, бұл операция әлі жалғасады. Бірнеше жүз қазақстандық әлі Сирия аумағында қалуда. Сондықтан біз оларды ешқашан назарымыздан шығарған жоқпыз. Сыртқы істер министрлігі, басқа құқық қорғау органдары, сіздер БАҚ өкілдері бұл мәселені шешуге барлығымыз атсалысып келе жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы