389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Әшімбаев: Елбасы бастамаларының жүзеге асуына «Нұр Отан» партиясы үлес қосады

  • 1304
  • UPD: 23:39, 23.01.2019

Елбасы бүгінгі форумда ұзақмерзімді мақсаттарға қол жеткізудің жаңа жолдарын көрсетіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында ел жастарының әлеуметтік жағдайын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін бастамалар басым. Олардың жүзеге асырылуын қадағалауды Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясына тапсырды.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгін Елбасымыз жастармен кездесуде біраз нақты бастамаларды, нақты ұсыныстарды жариялады. Олардың барлығы жастарды ары қарай қолдауға, жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған. Біздің тарихымызда бірінші рет осындай жүйелі, кешенді түрде нақты шаралар қабылданып жатыр. Осы кешенді бағдарламаны жүзеге асыруда Елбасы «Нұр Отан» партиясына, «Жас Отан» жастар қанатына үлкен сенім артып отыр. Сондықтан Елбасының бастамаларын жүзеге асыруда біздің партия үлкен рөл ойнайды, өзінің үлесін қосады.

Хабар 24 телеарнасы