378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сарапшы: Жастар жылы – терең талдауға негізделген тиімді қадам

  • 526
  • UPD: 14:08, 25.01.2019

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы терең талдауға негізделген тиімді қадам, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысы Владимир Норовтың пікірі. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті елдегі, аймақтағы және халықаралық жағдайға сараптама жасай отырып шешім қабылдаған. Бүгінгі күні жастар қоғамды алға ілгерілететін қозғаушы күш. Сондықтан бұл мәселе Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының назарынан да тыс қалып көрген емес. Циндао саммитінде ұйымға мүше елдердің басшылары жастарға бірлескен үндеу жариялады. Ол жаңа буынды кәсіпкерлікке, ғылыми-техникалық және мәдени істерге тартуға бағытталған. Жалпы әлемдегі жастардың саны 2 миллиардтқа жуық, яғни ғалам халқының 30 процентін құрайды. Ал Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынының аумағында жасы 17 мен 23 аралығындағы 803 миллион адам тұрады. «Сондықтан аймақ кеңістігіндегі олардың әлеуетін дұрыс пайдаланып, жақсы бағыт-бағдар беруіміз керек», – дейді Владимир Норов.

Владимир Норов, ШЫҰ Бас хатшысы:

- Нұрсұлтан Әбішұлының бастамалары қашан да терең талдауға негізделген және бүгінгі жағдайға бейімделген бағыт дер едім. Жастар саясаты қандай бағыт алса, мемлекет те сол бағытқа қарай жүреді. Өйткені әрбір мемлекеттің тұтқасын ұстайтын осы жеткіншектер. Оларға жағдай жасау – маңызды қадамдардың бірі. Жастардың күш-қуаты мен бастамашылдығын пайдалана білуіміз керек. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлының бұл бастамасының нақты нәтиже беретініне кәміл сенемін.

Хабар 24 телеарнасы