378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ БА діндер арасында үйлесімді қатынастардың дүниежүзілік апталығын жариялады

  • 338
  • UPD: 15:16, 28.01.2019
БҰҰ БА діндер арасында үйлесімді қатынастардың дүниежүзілік апталығын жариялады

БҰҰ Бас Ассамблеясы ақпан айының бірінші аптасын бүкіл дін ілімдері арасында үйлесімді қатынастарының дүниежүзілік апталығы деп жариялады.

Бас Ассамблея қарары бүкіл мемлекеттерді осы апта барысында шіркеулер, мешіттер мен синагогаларда конфессиялар арасында жарасымды сақтау идяеларын таратуға шақырып отыр. Қазақстан діниаралық қатынастарды үйлестіру бойынша игі мақсатты нақты істермен қолдап жүр. Мәселен, Елбасының әлемдік пен дәстүрлі дін басшыларының съездерін тұрақты түрде өткізу бастамасы БҰҰ-да кең қолдауға ие болған. «Діндер бейбітшілік үшін» ұйымының бас хатшысы Уильям Вендли осындай басқосуларды өткізудің белсенді жақтастарының бірі.

Уильям Вендли, «Діндер бейбітшілік үшін» ұйымының бас хатшысы:

- Қауіпсіз және бейбіт әлемді құруда діннің орны маңызды. Осы мақсаттағы діндердің жағымды еңбегін халықаралық қауымдастыққа көрсетіп жүрген Қазақстан мен осы елдің басшылығына алғыс білдіруміз керек. Бүкіл мансабымды діндер арасында ынтымақтастықты нығайтуға арнадым. Осы жолымда үнемі елдеріңіздің қолдауын сезіп жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы