375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 277
  • UPD: 18:56, 28.01.2019
Елбасы Бразилия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы