378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары өзара байланысын нығайтты

  • 365
  • UPD: 12:37, 29.01.2019
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары өзара байланысын нығайтты

Еліміздің сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мәскеуге жасаған сапарында әріптесі Сергей Лавровпен жүздесіп, көкейтесті мәселелерді талқылап, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселесі бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, қос елдің аймақтық интеграциялық бірлестігіне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар дипломаттар өзара байланыс пен екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ тараптар мемлекетаралық байланысқа жоғары баға берді.

Бейбіт Атамқұлов, Қазақстанның Сыртқы істер министрі:

- Екі ел арасындағы саяси диалог пен экономикалық байланыс нығайған. Сонымен қатар барлық саладағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді. Шешімін таппайтын мәселелер туындамайды. Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстың эталонына айналды.

Сергей Лавров, Ресей Сыртқы істер министрі:

Екі ел арасындағы қарым-қатынас саяси тең құқықтық, өзара құрметпен, әрі екі елдің мүддесі үшін негізделген. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік пен ықпалдастық туралы келісімі екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына жол ашты.

Хабар 24 телеарнасы