378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен әкімдердің жұмысына баға берді

  • 801
  • UPD: 15:17, 30.01.2019

Әкімдердің жұмысы халықтың кірісі мен өмір сүру сапасына қарай бағаланады.

Яғни осы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы осылай деді. Президент халықтың әл-ауқатын арттыру басты міндет екенін атап өтті. Ал 5 әлеуметтік бастама мен жуырда жарияланған халыққа Жолдауда қамтылған іс-шаралар тізбегі осыны қамтамасыз етеді. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде көптеген мемлекет әлеуметтік салаға мұншалықты шығындалмайтынын айтты. Бірақ қазына қаражаты тиімді жұмсалуы тиіс. Сондықтан әрбір тиынның мақсатты бөлінуі қатаң бақылауды қажет етеді. Негізгі міндет – түрлі даму жоспарларын іске асыруға дайын болып, экономикалық өсімді төмендетпеу. Мемлекет басшысы осыны тапсыра келе, жауаптылардың жұмысына баға берді.

Хабар 24 телеарнасы