378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте ШЫҰ-ның халықтық дипломатия орталығы ашылды

  • 334
  • UPD: 15:22, 31.01.2019

«Бұл халықаралық қатынастардың жаңа феномені болмақ», – дейді өзбекстандықтар, деп жазады «Хабар 24».

Осылайша бұған дейін қауіпсіздік пен экономикаға көбірек мән беріп келген беделді ұйым енді қоғамдық мәселені де қамтымақ. Дипломатиялық орталықта білім мен мәдениет, спорт пен ғылым өзара ұштасады. Қыз-келіншектер мен жастардың мәселесі және қалалар деңгейіндегі байланыстар қамтылады. Бұлар туризмнің дамуына негіз болмақ. Бір сөзбен айтқанда, халықаралық орталық әлеуметтің әлеуетін арттыруға күш жұмсамақ.

Садык Сафоев, Өзбекстан Республикасы Олий мажлисі сенаты төрағасының бірінші орынбасары:

- Астанада өткен ШЫҰ-ның соңғы саммиті ұйымға мүше елдердің арасындағы өзара байланыс ауқымын одан әрі кеңейту керектігін тағы бір рет көрсетіп берді. Бұған дейін ұйым негізгі екі бағыт бойынша, яғни өзінің қос қанатындай болған қауіпсіздік пен экономикаға көбірек мән беретін. Бүгінгі күні бұл үрдісті білім мен мәдениет, туризм мен бауырлас қалалар сияқты әрекеттермен ұштастыру мәселесі өзекті болып тұр. Осы мақсатта Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев халықтық дипломатиялық орталық құру жөніндегі ұсыныс көтерген болатын.

Рахматулла Назаров, орталық басшысы:

- Халық дипломатиясы туралы сөз қозғағанда, бұл жерде біз олардың бір-біріне деген сенімі мен өзара ынтымақтастығы тұрғысында айтамыз. Осы тұрғыдан алып қарағанда біздің орталық ұйымға мүше елдермен қоса Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы байланысты одан әрі ұштастыруға сеп болатыны сөзсіз. Оның үстіне биыл біз Өзбекстандағы Қазақстан жылын атап өтіп жатырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы