378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатта «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы» Заң қабылданды

  • 441
  • UPD: 18:38, 31.01.2019

Каспий теңізіне қатысты мәселелерді шешу су маңы мемлекеттерінің құзыретіне ғана берілді.

Сондай-ақ бестікке қатысы жоқ мемлекеттердің кемелеріне де, соның ішінде әскери күштерге теңізде жүзуге тыйым салынады. Сенат «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заң жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, енді жағалау маңы мемлекеттері ғана теңізге қатысты мәселелерді шешуге құқылы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:

– Расында да бұл – өте маңызды құжат. Сыртқы істер министрлігі 20 жыл бойы келіссөздер өткізді. Ақыры 5 мемлекет оң нәтижеге келді. Сондықтан мұны тарихи оқиға деп еш күмәнсіз айтуға болады.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

–1997 жылы Қазақстан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты өзінің ұстанымдарын БҰҰ ресми құжаты ретінде жариялады. Тарих көрсетіп отырғандай, еліміз 20 жыл бұрын мәлімдеген тәсілдемелер дұрыс және олар барлық жағалау мемлекеттері үшін неғұрлым оңтайлы болып табылады.

Сондай-ақ Бейбіт Атамқұлов бұрынғы Сыртқы істер министрінің дипломатиялық қызметте қалатынын мәлім етті. Оның айтуынша, Қайрат Әбдірахманов жақында елші қызметіне тағайындалуы мүмкін.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

– Кайрат Құдайбергенұлы әрі қарай дипломатиялық жұмысын жалғастырады. Жақын арада ол мемлекеттердің біріне елші ретінде тағайындалуын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы