378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның Таяу Шығыс пен Ауғанстанға қатысты бастамалары БҰҰ-да жоғары бағаға ие болды

  • 337
  • UPD: 23:34, 31.01.2019

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмысын аяқтағанмен, осы ұйым хатшылығымен бірлесіп іс атқара береді.

Өткен екі жылда қол жеткен табыстар бар. Мысал ретінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бірқатар санкциялық комитетіндегі Қазақстанның төрағалығын атауға болады. Халықаралық сарапшылар осындай серіктестікке жоғары баға беріп отыр. Сондай-ақ Таяу Шығыс пен Ауғанстанға қатысты Қазақстан тарапынан үлкен жұмыс атқарылғанын айтады.

Эдмунд Фиттон-Браун, БҰҰ ҚК бақылау тобының үйлестірушісі:

– Қазақстанмен тамаша серіктестік орнаған. Бір жағынан терроризмге қарсы күрес бойынша, екінші жағынан Ауғанстандағы жағдайды жақсарту бойынша бірлесіп еңбек еттік. Қазақстанның осы бағыттар бойынша үлкен тәжірибеге ие болғаны анық және Ауғанстанда ахуалды тұрақтандыруда елдеріңіз маңызды рөл атқарады. Бұл ретте Қазақстан ауған халқына Орталық Азиямен байланысты дамытудың болашағын көрсетіп жүр.

Хабар 24 телеарнасы