375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы форумда 4 елдің технопарктері арасында меморандумға қол қойылады

  • 312
  • UPD: 12:03, 01.02.2019
Алматыдағы форумда 4 елдің технопарктері арасында меморандумға қол қойылады

Алматыдағы «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы форумда Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Арменияның технопарктері арасында меморандумға қол қойылады. Нәтижесінде халықаралық әріптестік аясында аталған төрт мемлекет технологиялық кеңістіктерін кеңейту үшін бір-бірінің озық тәжірибелерін қолданады. IT-стартаптар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Бүгін бекитін келісім келесі жылдан бастап нәтижесін береді.

Əділет Нұрғожин, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің бас директоры:

- Әрбір елдің стартаптарының өзіндік бір деңгейі бар. Өйткені инновациялық бағдарламалар Ресейде сәл ертерек басталды, бізде кейінірек. Ал Қырғызстанда енді басталып жатыр десек болады. Біз алған методикаларымызды қырғыз ағайындарға үйретсек деп ойлаймыз. Сонымен қатар Ресей, Армениямен тығыз болып, солардың ойларымен бөлісіп, олар енді Еуропаға тығыз жақын, Еуропамен байланысы жақын. Сондықтан олардың тәжірибесі бізге үлкен сабақ.

Хабар 24 телеарнасы