375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысы өтті

  • 388
  • UPD: 23:24, 01.02.2019

Алматыда бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің биылғы алғашқы отырысы өтті, деп жазады «Хабар 24».

Бес мемлекеттің үкімет басшылары, яғни Армения, Беларусь, Ресей, Қырғыз Республикасы және біздің елдің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысқан алқалы жиында бірқатар халықаралық маңызды тақырып талқыланды. Күн тәртібіндегі он бес сұрақтың бесеуі кеңейтілген, қалған оны шағын құрамда жабық отырыста қаралды. Бірнеше жыл жүргізілген келіссөздің нәтижесінде «Теңіз арқылы жүк тасымалдау» туралы халықаралық келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарына сәйкес әзірленген және көліктік қызмет көрсетудің ортақ нарығын құруға негізделген. Одақ аумағына әкелінетін жекелеген тауар түрлерін кедендік тарифтен босату, қазақстандық көмір экспорттаушылардың тауарын Ресейдің теңіз порттарынан кедергісіз өткізу секілді біраз мәселені қамтиды. Бұдан бөлек кеңесте алкоголь нарығын реттеу туралы келісімнің жобасын әзірлеу ұсынылды. Сосын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық байланысын одан әрі нығайту жайы сөз болды.

Хабар 24 телеарнасы