389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Корея-Орталық Азия» ынтымақтастық форумының XII отырысы өтеді

  • 973
  • UPD: 19:41, 02.02.2019

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанда Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумының он екінші отырысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім Сеулдегі осы ұйымның атқарушы комитетінің жиынында қабылданды. Онда Орталық Азия елдерінің елшілері және Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілдері бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады. Тамызда әр елдің бес-алты маманы жаңа ұрпақтың көшбасшылығын қалыптастыру курстарына шақырылады. Сондай-ақ медицина, көлік және логистика, су ресурстары бойынша мамандар үшін тренингтер өтеді. Ал жас кәсіпкерлер үшін бизнес-идеялар конкурсы ұйымдастырылады. Бұдан басқа, Корея Республикасының азаматтары наурыз айынан бастап желтоқсанға дейін Еуразиялық академия жобасына қатыса алады. Жоба аясында Оңтүстік Корея университеттерінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан туралы дәрістер оқылады.

Бақыт Дүйсенбаев, Қазақстанның Кореядағы төтенше және өкілетті елшісі

Келесі форум биыл күзде Астанада Сыртқы істер министрлер деңгейінде өтеді. Бұл шешім атқарушы кеңестің отырысында бекітілді. Форумға мүше елдердің барлығы Астана кеңесіне келіп, қатысатынын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы