389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ қазақстандық жастармен бірігіп жұмыс істемек

  • 711
  • UPD: 09:59, 03.02.2019

Биыл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Жастар лигасы Қазақстанмен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс атқаруды жоспарлап отыр.

Қазақ елінің жастарымен бірлесіп ауқымды форум өткізуді де ойлайды. «Қазақстанның 2019 жылды жастарға арнауы біз үшін қуанышты жаңалық. Өзіміздің құрбы-құрдастарымызға мұндай мүмкіндіктің берілгеніне шын ризамыз», – дейді Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының  Жастар лигасының негізін қалушы Олим Алимов. Оның айтуынша, биыл қомақты істерге өріс ашылмақ. Әуелі кәсіпкерлік жөніндегі үлкен форум ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұйымға мүше сегіз мемлекет жастарының басын қосу үшін хаб құруды көздеп отыр. 2007 жылы құрылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жастар лигасы елдер арасындағы достыққа жаңа серпін берді.

Олим Алимов, ШЫҰ Жастар лигасының негізін қалаушы:

- Біз үшін Қазақстанның 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы үлкен қуаныш. ШЫҰ жас буыны ретінде бұл жаңалықты естігенде қуанып қалдық. Өз інілеріміз бен қарындастарымызға, яғни Қазақстан жастарына мұндай мүмкіндіктің берілгені өте жақсы. Бұл тұрғын үй, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру және басқа да салаларды дамытуға септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы