378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат қорғаныс өнеркәсібіне қатысты заң жобасын қарайды

  • 304
  • UPD: 13:31, 06.02.2019

Аумақтық қорғанысқа енді жергілікті әкімдіктер жауапты болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті заң жобасында осындай норма қарастырылған. Бұл құжатты Сенат комитеті мақұлдап, Жоғары палата депутаттарының қарауына жіберді. Сонымен бірге жаңа заңда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзырын кеңейту қарастырылған. Енді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты осы ведомство орындайды. Бұған дейін бұл міндет Қорғаныс министрлігіне жүктелген еді.

Аманияз Ержанов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

- Барлығы біздің министрлікке ауыстырылып жатыр. Осы заңнаманың ішінде қабылданып жатқан баптар бойынша. Бұрын бөлінген бюджет толықтай Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ауысады.

Хабар 24 телеарнасы