378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Сыртқы істер министрі бірқатар елдің елшілерімен кездесті

  • 368
  • UPD: 20:28, 06.02.2019

Мемлекет басшысына сенім грамоталары табысталған соң, елшілермен еліміздің Сыртқы істер министрі кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейбіт Атамқұлов ведомствоға басшы болғалы дипломатиялық миссия және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен алғаш рет жүздесіп отыр. Қазақстанның сыртқы саясаттағы бағыты өзгермейтінін атап өткен министр өткен жылдың жемісті болғанын айтты. Мәселен, Сыртқы істер министрлігі былтыр халықаралық деңгейде 51 шара ұйымдастырып, шетелдерде дипломатиялық мақсатта 96 кездесу өткізген. Оның 55-сіне еліміздің Президенті пен Премьер-министрі қатысып қайтты.

Хабар 24 телеарнасы