389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ ҚК-де еліміздің атқарған жауапты міндеті қорытындыланды

  • 792
  • UPD: 12:05, 07.02.2019
БҰҰ ҚК-де еліміздің атқарған жауапты міндеті қорытындыланды

БҰҰ штаб-пәтерінде Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстан, Боливия, Италия, Нидерланд  пен Швеция тұрақты өкілдерінің брифингі өтті.

Бұл бес мемлекет 2017-2018 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде жауапты міндет атқарған. Қазақстанның басты жетістіктері ретінде терроризмнен ада бейбіт әлемге қол жеткізу бойынша кодексін қабылдау, сондай-ақ ядролық қарусыздану мәселесін шешуде сенім шараларын күшейтуі ерекше маңызға ие. Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың айтуынша, осы органдағы басты мақсат Орталық Азия мен Ауғанстан аймағына әлем назарын аударту болған.

Қайрат Омаров, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық қауымдастықтың әрекетіне негізінен экономикалық сипат беру, бұл іске Орталық Азия мемлекеттерін белсенді түрде қатыстыру - еліміз ұсынған инновациялық тәсіл болған. Қауіпсіздік Кеңесі алғаш рет осы елдегі жағдайды қауіпсіздік тұрғысынан ғана емес, экономикалық даму жағынан да қарастыруына қол жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы