378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы бірқатар заңға қол қойды

  • 526
  • UPD: 19:43, 08.02.2019

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Сондай-ақ Елбасы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Н.Назарбаев «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы