378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяны еліміздің ядролық қаруды жою тәжірибесі қызықтырады

  • 455
  • UPD: 22:42, 10.02.2019

АҚШ-Солтүстік Корея саммиті қарсаңында Оңтүстік Корея Қазақстанның ядролық қаруды жою тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл туралы Сеулде өткен халықаралық конференцияда белгілі болды. Форумда Қазақстан мен Корея сарапшылары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Ғалымдардың ұсыныстары Оңтүстік Корея президенті Мун Дже Инның Қазақстанға сәуір айына жоспарланған сапарының күн тәртібінде қаралуы да мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, екі ел фармакология, ауыр машина жасау және мұнай өңдеу саласын дамыта алады.

Дәурен Әбен, Еуразия ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері:

- Бұл бағдарлама арқылы бұрынғы қару-жарақ жасаушы ғалымдарды қайта жұмысқа орналастыруға болады. Сол себептен Солтүстік Кореяда да дәл осындай ұйымның ашылуын ұсынып, бұл идеяны қарастыруды сұраған едім. Өйткені бұрында қару-жарақ саласында еңбек еткен мамандардың енді жойқын қару жасайтын өзге елдерге кетіп қалуы мүмкін.

Ботагөз Рақышева, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры:

- Кореяда шағын бизнес өте жақсы дамыған. Қазақстанға да осы тәжірибе қажет. Сонымен қатар білім беру жүйесіндегі тереңдетілген қатынастарды қалыптастыру, екі ел арасындағы бағдарламаларды күшейту туралы ұсыныстар айтылды.

Хабар 24 телеарнасы