389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет отырысында су тасқынының алдын алу мәселесі қаралады

  • 807
  • UPD: 15:26, 12.02.2019
Үкімет отырысында су тасқынының алдын алу мәселесі қаралады

Бүгінгі Үкімет отырысында бірнеше мәселе күн тәртібінде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі. Жыл сайын көктемде қар еріп, өзен тасығанда елді мекендерді әуреге салатыны белгілі. Айтпақшы, Шығыс Қазақстан облысы ерте қамданып, арнайы жол картасы әзірленіпті. Яғни көктемгі су тасқынына дайындық пысықталыпты. Биыл жұмыстарға қазынадан 2 млрд теңгеден аса қаражат бөлінеді екен.

Естеріңізде болса, былтырғы көктемде 6 қала мен 12 аудан су тасқынынан зардап шекті. Мыңнан астам тұрғын үйге су кіріп, оның 128-і тұруға жарамсыз болып қалды. Ал Үкімет есебінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға қосымша қаражат бөлінгені белгілі. Семей қаласы, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха және Зырян аудандарындағы өзен арналарының жағалауларын нығайту және тұрғын үйді, көпірлер мен автомобиль жолдарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 3 млрд 225 млн теңге бөлінді.

Айта кетейік, былтыр тасқын су Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан тұрғындарын да әуреге салған болатын.

Хабар 24 телеарнасы