375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Елбасы жеңімпаздарды құттықтайды

  • 574
  • UPD: 16:59, 13.02.2019

Бүгін елордада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жаңа жеңімпаздары таныстырылады.

Бұл – олардың еңбекқорлықтан айнымай, табандылықтан таймауының нәтижесі. Салтанатты рәсім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді. Елбасы жеңімпаздарды жеке-жеке құттықтап, жеткен жетістіктерін бағамдайды. Жобаның көздегені де осы. Елдің түкпір-түкпірінде тынымсыз тер төгіп, еселі еңбек етіп жүргендерді бұқараға таныстыру.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» – ел мерейін асырып, дамуына зор үлес қосқан жандардың жобасы. Оған енген азаматтардың қай-қайсысы да өз ісімен ғана емес, қоғамға ерекше еңбек сіңіруімен өзгешеленді. Жобаның алғашқы жеңімпаздары 2017 жылы таныстырылды. Алғашында үміткерлердің саны 2 мыңнан асты. Сәйкесінше бәсекелестік те жоғары болды. Сөйтіп 102 бірдей азамат Елбасы алдында сөз сөйлеп, бірі өнерін, енді бірі ойлап тапқан тың дүниелерін көрсетті. Ал бүгін олардың қатары өзге де жаңа есімдермен толығады. Жеңімпаздарды іріктеу өткен жылы күз айларында басталған. Үш кезеңді қамтыған байқау нәтижесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандары жоба жеңімпазы атанып отыр. Жалпы «Рухани жаңғыру» өткенімізді екшеп, бүгінімізді бағамдап, болашаққа бағдар алған бірегей бастама десек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» сол ауқымды бағдарлама аясындағы ілкімді істің біріне айналды.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы