375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі тағайындалды

  • 312
  • UPD: 16:33, 14.02.2019
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі тағайындалды

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Уильям Мозер мырзаны Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде ант беріп, лауазымына кірісуімен құттықтаймын. Таяу уақытта оның келуін күтеміз», - делінген Елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.

Уильям Мозер әр жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ Молдовада Елші болған.

Хабар 24 телеарнасы