378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маргарет Уильямс: БҰҰ Қазақстанның еңбегін жоғары бағалайды

  • 290
  • UPD: 12:05, 17.02.2019

БҰҰ Дүниежүзілік ассоциациялар федерациясының өкілі Қазақстан Республикасының озықтығы мен ілгерілігін жоғары бағалайды.

Халықаралық ұйым 1946 жылы Люксембурге қаласындағы ұлттық ассоциациясының конференциясында құрылған болатын. Дүниежүзілік федерацияның өкілі Маргарет Уильямс бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесі бойынша, Тунис, Палестина, Кипр мен Грекияда жұмыс істеген. Халықаралық қаныстар саласындағы білікті маман, сарапшы жастар жөнінде, Таяу шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайға байланысты мақалаларды жиі шығарып отырады.

Маргарет Уильямс, БҰҰ Дүниежүзілік ассоциациялар федерациясының өкілі:

– Қазақстан – пікір алуандығы мен болашақты бағамдауға қатысты ой өргізіп, сөз жұптаушылар арасында өзіндік орны бар ел. Диалогқа әрқашан дайын, кездесуге ашық. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сайлауалды науқанының пікірталастарына қатысқан алғаш ел болып, өзге мемлекеттерге үлгі болды. Осы тұрғыда біз Қазақстанның ашықтығын жоғары бағалайды.

Хабар 24 телеарнасы