378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

  • 362
  • UPD: 15:28, 18.02.2019

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Танымал әлемдік саясаткерлер, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері бас қосқан келелі форумда жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Таяу Шығыс, Балқан мен Кавказда бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсаты пікірсайыс тақырыбына арқау болды. Жекелеген сессиялар халықаралық сауда, қару-жарақты бақылау, климат өзгерістері мен кибертехнологияның қауіпсіздік жағдайына арналды. Конференцияда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, парламенттер төрағалары, халықаралық ұйымдардың көшбасшылары, ықпалды сарапшылар сөз сөйледі. Шараға мемлекеттер мен үкіметтердің барлығы 600-ден астам делегат қатысты.

Хабар 24 телеарнасы