375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда өткен халықаралық форумда қандай мәселелер талқыланды?

  • 362
  • UPD: 22:26, 18.02.2019

Орталық Азия елдерінің тарихы, мәдениеті, экономикасы, саяси һәм әлеуметтік дамуы.

Осы мәселер Ұлыбританияда өткен халықаралық форумда талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға әлемнің белді сарапшылары мен дүниежүзінің әр қиырынан келген студент жастар қатысы. Басқосуда Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы аймақтық интеграцияның жаңа дәуірі мәселесі көтерілді.

Орталық Азия алдында тұрған сын-қатерлер мен қауіптер және оларды шешу жолдары. Форумға қатысушы британиялық сарапшылар сондай-ақ Қазақстан, Қытай және Өзбекстан дипломатия өкілдері осы өзекті тақырыптарды талқылады. Жиналғандар әсіресе «Бір белдеу, бір жол» Қытай бастамасына атсалысқан елдердің қазіргі жағдайы мен әлеуеті туралы білгісі келді.

Шао Жен, Қытайдың Ұлыбританиядағы елшілігінің консулы:

– «Бір белдеу, бір жол» жобасы шеңберінде Қытаймен қарым-қатынас орнатқан орталықазиялық республикаларда, әсіресе Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістерге өте ризамыз. Негізі жоба 2013 жылы сіздердің елдеріңізден бастау алды және соңғы 5-6 жыл ішінде ерекше дамыды.  

Қазіргі таңда жалпы сомасы 30 млрд АҚШ доллары болатын 51 ортақ жоба жүзеге асырылып келеді. Олар өңдеуші және химиялық өнеркәсіп, ауылшаруашылық, жасыл энергетика және цифрландыру сияқты көптеген салада серпін алып отыр. Бұл Уорик университетінің студенттері, яғни саясат пен өнеркәсіптегі келешек көшбасшылардың аймақ туралы білгендерінің бір парасы ғана.

Дильмурад Юсупов, зерттеуші /Өзбекстан/

– Шараның Ұлыбритания студенттеріне аймақты танытудағы рөлі зор. Халық, мысалы Қазақстан және Өзбекстан жайлы өте аз біледі. Ал мұндай форумдардың аймақтың оң имиджін қалыптастырудағы орны ерекше.

Жыл сайын өтетін форум биыл екінші рет университет студенттерінің күшімен, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі таңда оқу орнында қазақстандық 60 жас білім алып жатыр. Олардың басым көпшілігі – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы, Бейбіт Мәдиұлы

Хабар 24 телеарнасы