389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иорданияда сотталған ел азаматтарына құқықтық көмек көрсетіледі

  • 673
  • UPD: 15:29, 21.02.2019

900-ден астам Қазақстан азаматы шетелде сотталған.

Ал елімізде бас бостандығынан айырылған шетелдіктердің саны мыңнан асады. Аяғын шалыс басып, істі болған ел тұрғындарына заңдық тұрғыда көмек көрсету  қажет. Осы мақстатта бүгін Сенат депутаттары еліміз бен Иордан Хашимит Корольдігі арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беруге бағытталған құжатты ратификациялады. Тағы 25 мемлекетпен осындай келісім бар. Алдағы уақытта бұл тізім Куба, Македония және Грекиямен толығады. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин осылай деді. Сондай-ақ отырыста Қазақстан мен Иордания арасында іздеуде жүрген адамдарды ұстап беретін және сотталғандардың өз елінде жазасын өтеуге мүмкіндік беретін келісім де бекіді.

Айта кетейік, экстрадиция шығындарына биыл бюджеттен 15 млн теңге бөлінген. 

Динар Нөкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Келісімнің 19-бабының 1-тармағында сұрау салу бойынша сұрау салатын тарап өзінің аумағында орналасқан кез келген банктердегі күдікті немесе айыпталушы адам иесі болып табылатын банктік шоттарға қатысты ақпаратты дереу ұсынады және осындай шоттарды пайдалануға уәкілеттілік берген адамға және солармен байланысты кез келген транзакцияға қатысты мәліметті ұсынады делінген. Сұрау салынатын тараптың өзінің жұмыс банкі дегенді түсіндіріп бересіз бе?

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Қылмыстық істі қозғап, оны тергеу барысында осы келісімді рәсімдеген мемлекеттер банктік есепшоттардағы қаражат бойынша ақпарат алмаса алады. Яғни қылмыстық істі қарау кезінде күдікті адамның банкте жасалған транзакциялары мен төлем операциялары жөнінде ақпаратты ашық айтуға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы