378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жаңа үкімет құрамы жасақталады

  • 607
  • UPD: 13:40, 22.02.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінен кейін үкіметтің кезектен тыс отырысы өтті. Жиында премьер-министр министрлер кабинетінің отставкаға кететіні жайлы хабарлады.

Бұдан соң Елбасының жарлығымен үкімет басшысының міндеті премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Асқар Маминге уақытша жүктелетіні мәлім болды. Ал министрлер кабинетінің қалған мүшелері жаңа құрам бекітілгенше өз қызметтерін жалғастыра бермек.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы үкіметтің отставкаға керектігін айтып, тиісті мәлімдеме жасаған болатын.

«Бұған себеп: қабылданған шараларға қарамастан экономиканың түрлі бағыттарында оң өзгерістердің болмауы», - деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы