378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясын қатысушы елдер ратификациялап жатыр

  • 239
  • UPD: 15:10, 22.02.2019

Ақтауда өткен саммиттен кейін Каспий маңы елдерінің делегациялары алғаш рет Бакуде бас қосып, теңіздегі ынтымақтастыққа арналған келіссөздер өткізді. Бұл жолы қатысушылар негізгі көңілін мемлекеттердің Каспийдегі шекараларын түпкілікті белгілейтін Келісім шарттарына бөлді.

Кездесу жабық түрде өтіп, тараптар ортақ мәмілеге келмегендіктен келіссөздердің бүкіл жай-жапсарын ашқан жоқ. Дегенмен, кейбір тұстары бойынша ымыраға келгені белгілі болды. Сонымен қатар басқосудың күн тәртібінде Ақтауда қабылданған Конвенцияны ратификациялау мәселесі тұрған. Еске сала кетейік, бүгінде бұл құжатты Қазақстан, Түркменістан мен  Әзербайжан парламенттері бекітті. Каспий маңы елдерінің келесі кездесуі сәуір айында Қазақстанда өтеді.

Зүлфия Аманжолова, Қазақстан делегациясының жетекшісі:

- Ақтау саммитіндегі белгіленген міндеттер бойынша бұл топ Каспий теңізіндегі бастапқы межелерді анықтау тәсіліне қатысты келісім жобасын талқылауға кірісті. Біз осы келісімнің бірқатар баптарын үйлестіре алдық. Және келесі мәжілістерімізде осы жоба бойынша жұмысымызды жалғастыруға уағдаластық. 

Халаф Халафов, Әзербайжан делегациясының жетекшісі:

- Басқосу табысты өтті. Бұл Конвенцияға қол қойылғаннан кейін жаңа кезеңнің басталуы. Қазір Каспий маңы елдерінің ұстанымдары барынша жақындап, ынтымақтастығымыз тереңдей түсті.

Хабар 24 телеарнасы