375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастық тәжірибесі өзгеге үлгі бола алады

  • 243
  • UPD: 14:56, 22.02.2019
Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастық тәжірибесі өзгеге үлгі бола алады

Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастық жөніндегі тәжірибесі өзгелерге үлгі бола алады. Өйткені мың жылдық көршілер аймақаралық байланыстың жаңа үрдісін қалыптастырды.

Ең бастысы, бестік Ауғанстандағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге ден қойып отыр. Ташкентте өткен «Орталық Азиядағы өзара байланыс:қиындықтар мен жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияға қатысқан БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Наталья Герман осылай, деді. Екі күнге созылған жиында әлемнің түпкір-түпкірінен келген сарапшылар іргелес жатқан бес мемлекеттің жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығы мен экономикалық даму мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Еуропа мен Батыстық сарапшылар сауда-логистикалық дәліздерді дамыту мен жеңілдетілген кедендік процедураларды ұсынды. Ал Ауғаныстандағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді бірінші болып көтерген Қазақстан енді жалпыға ортақ Ұлы жібек жолын жандандыру мәселесін көтерді.

Санат Көшкімбаев,  Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Біз әуелі  өзіміздің экономикалық жоспарларымызды үйлестіруіміз керек. Мысалы, аймақтардың инвестициялық климатының айырмашылығы бар. Кейбір елдерде олар ғаламдық инвеститциялық реалға интеграцияланған. Басқаларында бұл аз. Сондықтан өзара экономикалық әлеуетімізді жақындатып, жұмысты бірлесіп үйлестіруіміз қажет. Бұл тұтастай алғанда жекелей және өңіралалық инвеститциялық мүмкіндіктерді арттырады.

Мариуш Маршевский,сарапшы:

- Қазіргі таңда су мәселесі  әлем бойынша өзекті. Өйткені климаттық өзгерістер орын алып жатыр. Кейбіреулер мұндай мәселе жоқ, деп сендіріп баққысы келеді. Дегенмен бұл шындыққа жанаспайды.  Бастысы адамзат баласы аталмыш мәселені шешу ұшін жұмыла жұмыс жасаулары керек.

Хабар 24 телеарнасы